ЖАҢА МАЗМҰНДА БІЛІМ АЛАДЫ

Облыстық білім басқармасы мамандарының айтуынша алдағы 2017-2018 оқу жылында 2, 5, 7 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім алуға көшетін болады.
Осыған байланысты 1008701 дана оқулық пен оқу әдістемелік кешендер сатып алуға баспалармен 98 келісім-шарт жасалды.
Бірінші және екінші сыныпта оқитын барлық оқушы жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бірыңғай базалық оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендермен толық қамтылатын болады.