ҚАЛАНЫ ЛАСТАҒАНДАР ҚОМАҚТЫ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ

Осы жылғы 4 шілдеде полиция қызметкерлері үйінен шығарылған қоқысты қала орталығындағы арықтардың біріне тастай салған қала тұрғынын байқайды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы негізінде әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар сотқа жолданды.
Дәл осы күні бейнебақылау камераларының назарына әңгіме-дүкен құрып отырған 4 азаматтың құқық бұзушылық әрекеті түседі. Олар тұрғындардың ортақ пайдаланатын орнына шемішкі шағып, темекі қалдығын тастаған. Тәртіп бұзушыларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабына сай әкімшілік шара көрілді.
Айналаны ластаушылардың кінәсі дәлелденсе, оларға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынады.