ЖАСТАР АУЫЛДА ШАРА ӨТКІЗДІ
Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Қызылорда облысының жастар одақтары» қоғамдық бірлестігі осы аудандағы А.Тоқмағанбетов ауылында дөңгелек үстел өткізді.
Шарада тұрмыстық зорлық-зомбылық, адам саудасы, балалар еңбегін қанау секілді келеңсіздіктердің зияны жайлы айтылып, оны болдырмаудың шаралары талқыланды.
Ауыл жастары көтеріліп отырған мәселеге үн қосып, ел дамуына көлеңке түсіретін құбылыстың алдын алуға қатысты пікірлерін білдірді. Жас буынның осындай заңсыздыққа көзжұмбайлық танытпай, оған тосқауыл қоюға тиісті екендігі айтылды.