АЙМАҚТА ТЕМІРЖОЛ ЖЕЛІСІ ҰЗАРДЫ

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегінше бүгінде облыс аумағынан 18 жұп жолаушы пойызы, оның ішінде мемлекетаралық (Өзбекстан және Ресей Федерациясы) бағыттағы 6 жұп пойызы өтеді.
Соңғы екі-үш жылда аймақтағы теміржол қатынасының аясы кеңейе түсті. Мысалы, 2014 жылдың 22 тамызынан «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» темір жолы уақытша пайдалануға қосылды.Осыған байланысты 2016 жылдың наурыз айында облысаралық №617/618 «Қызылорда - Жезқазған» темір жол қатынастары ұйымдастырылды.
Осы жылдың 1 шілдесі күні .№ 6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» жаңа жолаушылар пойызы жолға шықты. «Қала маңындағы тасымал» АҚ-на қарасты жаңа бағыт бойынша екі вагондық пойыз аптасына 5 күн қатынайды. Ол облыс оңтүстігіндегі барлық аудан орталығы мен стансаларды, разъездерге тоқтайды.
Саладағы тағы бір жаңалық – аймақ теміржол желісі ұзара түсті. «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» темір жолының Қызылорда жол бөлімшесіне қарасты Сексеуіл стансасынан Қоскөл стансасына дейін жолдың қашықтығы 271,3 шақырымды құрап, оның бойында Қарашеген, Абай, Аралық стансалары мен 10 бекет салынуда.