ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА?
Бүгін облыс әкімі Қ.Көшербаевтың қатысуымен бірінші жартыжылдық қорытындыланды. Аймақтың даму көрсеткіштерін облыс әкімінің орынбасары Наталья Годунова баяндап берді.
Баяндамашы облыс әкімінің іс-қимыл жоспарында белгіленген 26 шараның 25-і нақты жүзеге асқандығын атап өтті. Тек Талсуат ауылындағы жүйке жүйесіне арналған диспансердің құрылысы аяқталмаған. Бұл нысан келер жылы пайдалануға берілетін болды. Жалпы аймақтың даму көрсеткішінде алға ілгерушілік бар. Мәселен, кіріс көлемі, өндірілген өнім, салық түсімі өткен жылдың осы кезеңмен салыстырған артқан.
Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Құрманкүл Датқабекова кәсіпкерлік саласын дамыту арқылы тұрақты жұмыс орнының саны ұлғайғандығын жеткізді. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 24858-ге жетіп, бюджетке 11,9 млрд. теңге салық түсті.
«Байқоңыр» ӘКК» ҰҚ» АҚ-ы басқарма төрайымы Жанат Самат жыл басынан атқарған жұмыстарын саралап берді. 2013 жылы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация қаржылай сауықтыру бағадарламасын жасақтап, оны нәтижелі жүзеге асырды. Тіпті компанияның қаржылық жағдайы республикамызда үздік деп танылды.
Кәсіптік техникалық білім беру жүйесін дамыту жөнінде облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақытжан Сайлыбаев баяндады. Аймағымыздағы 34 кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарында 25953 студент оқиды. Тұңғыш рет облыста жасақталған еңбек ресурстарының балансы нақты мамандық иелеріне деген сұранысты алдын-ала болжауға мүмкіндік берді. Қазір Қызылорда облысының тәжірибесін басқа аймақтарда басшылыққа алуда.
Облыс бюджетінің орындалу жөнінде қаржы басқармасының басшысы Талғат Жақыпбаев мәлімдеді. Бірінші жартыжылдықтың болжамы 102,6 пайызға орындалды. Оның ішінде кіріс бөлігі 113,3 пайызға, ал бюджеттің игерілуі 98,3 пайызды құрады.
Ауылдық деңгейде әкімшілік реформаны жүзеге асыру барысы туралы облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетова айтып берді. 2013 жылдан бастап ауыл әкімдеріне бұрын облыс және аудан әкімдерінің құзыретінде болған бірқатар функция берілді. Арнайы жұмыс тобы жасақталып, оның мүшелері елді мекендерге барып ауыл әкімдеріне әдістемелік, консултациялық көмек көрсетті.
Лауазымды тұлғалардың баяндамаларын тыңдап облыс әкімі олардың екінші жартыжылдықтағы жұмысын әрі қарай оңтайландыру мақсатында бірқатар тапсырма берді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі