«ЖАСЫЛ ЕЛ» ҚАТАРЫ ТОЛЫҒА ТҮСТІ

Жалпы биылғы еңбек маусымында облыс бойынша 1035 жас «Жасыл ел» қатарында еңбек етеді. Олардың ішінде жұмыссыз, студент, еңбекке жарамды мүгедек жастар да бар. Ай сайын туған өңірін көркейтуге үлес қосуды мақсат тұтқан жастар қатары толыға түсуде.
Мысалы, маусым айында Қызылорда қаласында 38 жас жасақ құрамында еңбек етсе, шілдеде тағы 170 сарбазға жолдама берілді.
Облыс орталығын көркейтумен айналысатын жасақ өкілдері тазалықты сақтау жолында «Табиғат» МКК, «Зеленстрой» және «Қызылорда Тазалығы» ЖШС-мен келісім шартқа отырған.