ЖЕРЛЕС САМБОШЫЛАР ӘЛЕМ КУБОГЫНАН 5 ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ

Әлемдік жарыста 57 келі салмақта әскери самбодан Наурызбек Дәулетбаев, самбодан 74 келіде Ғалымжан Абдрахманов жеңімпаз атанды. Алпыс келіде кілемге шыққан самбошы қызымыз Жансая Мұрат, 62 келідегі Дархан Сержанов және 72 келіде күрескен Динара Қодарова қола жүлде иеленгендер қатарынан көрінді.
Спортшыларды жарысқа Әділбек Серікбаев, Марат Асылов, Төлеби Төлепов және Жанар Дүйсекенова дайындады.
Дүбірлі бәсекеге әлемнің 16 елінен 200-ден астам спортшы қатысты. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орын алып, Кубок иегері атанды. Екінші – Грузия, үшінші орындарды – Ресей командалары алды.
Енді жерлестеріміз үстіміздегі жылғы қыркүйек айында Ашхабадта (Түркіменстан) өтетін Азия ойындарына қатысса, Ғ.Абдрахманов пен Н.Дәулетбаев қараша айында Сочиде (Ресей) болатын әлем чемпионатында облыс намысын қорғайтын болады.
