ЖОЛ КАРТАСЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮЛКЕН МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауына сәйкес ағымдағы жылдың наурыз айында облысымызда жаппай кәсіпкерлікті дамыту, жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында Өңірлік бірыңғай жол картасы әзірленді.
Аталған жол картасының басты мақсаты Үкіметтік және өңірлік бағдарламаларды біріктіріп, оны тиімді пайдалану және бағдарламалар шеңберіндегі қаражатты ауылдағылар үшін қолжетімді ету, деп хабарлайды облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының өклдері.
Жол картасына сәйкес басқарма мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасы бірлесе отырып қала және ауылдық елді-мекендегі кәсіпкерлік бағытына орай 18 типтік бизнес-жоспар (шаштараз, наубайхана, балабақша, монша, азық-түлік дүкені, азық-түлік емес дүкені, аяқ киім жөндеу, тігін цехы, техникалық қызмет көрсету орталығы, кондитерлік, сувенирлік өнімдер өндірісі, шеберхана цехы, полиграфиялық қызмет, өсімдік, мал, құс, ара шаруашылықтары және балық аулау мен қақтау) әзірленді.
Сонымен қатар, ауыл кәсіпкерінің де мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде микрокредиттер алып, мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылуына мүмкіндік жасалды.