ЛИМИТТЕР КӨЛЕМІ НАҚТЫЛАНДЫ
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау мақсатында, білім және спорт салалары мекемелері мен кәсіпорындарының бюджеттеріне талдау жасалып, осы жылға арналған лимиттер көлемі анықталды, деп хабарлайды экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мамандары.
Сонымен қатар, қосымша қажеттілігі ескеріле отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жеткізілген лимиттер көлемі облыстық бюджеттік комиссия қарауына ұсынылды.
Нәтижесінде тиісті жеткізілген лимиттерге сәйкес облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері мен бюджеттік бағдарлама жобалары қарауға қабылданды. Қарау барысында бюджет заңдылықтарына сәйкес білім және спорт саласындағы облыстық басқармаларға өтінімдерді қайта өңдеу тиістігі ескертілді.
Жергілікті бюджеттің функционалдық топтары мен кіші топтары бойынша мемлекеттік қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, мемлекеттік қызметші болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің штат саны мен еңбекақы қоры бойынша нақты талдау жұмыстары жүргізілді.