АЛТЫ АЙДА АЙМАҚҚА ОН МЫҢҒА ЖУЫҚ ТУРИСТ КЕЛГЕН

Өткен жылы Қазақстан туристік ассоциациясы Қызылорда облысы бойынша 15 туристік бағытта бекіткен болатын. Қарт Қаратау мен айдынды Аралдың аралығын қамтитын осы бағыттар бойынша толық мағлұмат Қызылорда облысы әкімдігінің ресми порталында орналастырылды. Сондай-ақ, бұл ақпаратпен қазақстандық туристік операторлар да қамтамасыз етілді.
Сырттан келетіндер біздің аймақтағы тарихи орындармен танысып, танымын кеңейте түсуі үшін басқарма сайтынан жаңадан «Туризм» айдары ашылды.