ШАҒЫН БИЗНЕС ҮШІН ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕЛЕР БЕРІЛЕДІ

Жалпы көлемі 1,4 млрд. теңге болатын несиелер сомасы «Қазақстан Халық банкі» АҚ (600 млн. теңге), «Фортебанк» АҚ (500 млн. теңге), «Казкоммерцбанк» АҚ (150 млн. теңге) және «АТФ банк» АҚ (150 млн. теңге) арқылы беріледі.
Қазіргі күні аталған банктер бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы құны 453,9 млн. теңге болатын 13 жобасын қаржыландырды. Оның ішінде Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен жалпы құны 409,6 млн. теңгені құрайтын 9 жоба мақұлданды.
Бағдарлама талабына сай қаржы кәсіпкерлерге 180 млн. теңгеге дейін 8,5 пайызбен (5 жылға және 6 айға дейін несиені өтеуді кейінге қалдыру мүмкіндігімен) берілетін болады.