АУЫЛДАҒЫЛАР ТАЗА АУЫЗ СУ ІШЕДІ
Бүгінде мемлекет қолдауын ауылдағылар да айқын сезініп отыр. Соның жарқын мысалы Сырдария ауданындағы Қалжан ахун ауылында атқарылып жатқан жұмыс.
Осыған дейін ауыл тұрғындарына ауыз тек сағаттап қана берілетін. Елдегілердің мұқтажына көңіл бөлген жергілікті атқарушы биліктің ұсынысымен бұл жұмысқа 268 млн теңге бөлінген, биыл соның 168 млн. теңгесі игеріледі
Бүгінде мердігер мекеме "Нұрталап" ЖШС мамандары ауылдағылар асыға күткен ауызсуды дер уақытында бері үшін тиісті жұмыстар атқаруда.
Жұмыстың сапалы орындалуын ауылдағы қоғам кеңес пен мәслихат депутаттары назарда ұстап тұр.