ОБЛЫС ӘКІМІ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

–Ел Тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында құрылған арнаулы орган ширек ғасыр ішінде тұрақты жетіле отырып, даму мен қалыптасудың сындарлы жолдарынан өтті. Комитет құрылымындағы барлық өзгерістер әлемдегі және елдегі ахуалмен тығыз байланысып қана қоймай, егемен еліміздің мүддесін қорғау болды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің тұғыры берік болуы жолында бастарыңызды бәйгеге тігіп атқарып жүрген адал қызметтеріңіздің алар орны ерекше. Бұл жолда батырлық та, батылдық та, тапқырлық та, айлалы ақыл да Сіздердің бойларыңыздан табыла білуі қажет,- деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департамент бастығы, полковник Таңат Жүнісов те әріптестеріне мерекелік тілегін жеткізді.
Аймақ басшысы ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің 6 қызметкерін алғыс хатпен марапаттады. Мұнымен қоса, департамент ардагерлері мен қызметкерлеріне ұлттық қауіпсіздік комитетінің мерейтойлық медальдары және алғыс хаттары табысталды.
Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.
