ЕКІНШІ ТОҚСАНДА ҚЫРЫҚ ЖЕТІ ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ

Осы жылы кәсіпкерлікті өрістетуге жол ашқан «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберіндегі жұмыстарға 779,619 млн. теңге бөлінді.
Жыл басынан бері бағдарлама аясындағы жобаларға қолдау көрсету мақсатындағы Өңірлік үйлестіру кеңесі отырыстарында пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін жалпы құны 4,75 млрд. теңге болатын 65 жоба мақұлданып, 31 жобаға 314,26 млн. теңгеге ішінара кепілдік ұсынылған. Сонымен бірге, бағдарлама шеңберінде ауылдық округтердегі микробизнес субъектілерінің 17 жобасы 10 млн. теңге көлеміндегі қайтарымсыз гранттар иеленді.
Екінші тоқсанда өткен Өңірлік үйлестіру кеңесінің 6 отырысында жалпы құны 1,49 млрд. теңгеге 47 жоба субсидиялау үшін мақұлданды.