БАҒДАРЛАМА МАҚСАТЫ БАЙЫПТЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы" аясында Солтүстік Қазақстан облысының жұмыс берушілері Жаңақорған ауданына да келді. Аудан әкімдігінде өткен жиында СҚО өкілдері жергілікті азаматтарға бағдарламаның мақсатын түсіндіріп, жаңақорғандықтарды еліміздің солтүстігінде еңбек етуге шақырды.
Кездесу барысында мемлекет тарапынан көшуге және тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге берілетін субсидия жайлы айтылып, тұрғындар сауалына жауап берілді.