ЖОБА ЖҮЙЕЛІ ІСКЕ ЖОЛ АШТЫ

Жоба ең алдымен тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері қатарындағы 9-11 сыныптарды бітірушілер, оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, сондай-ақ өзге де санаттары азаматтарға жұмысшы мамандығын тегін алуға мүмкіндік береді.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасың іске асыру мақсатында тиісті салалармен бірлесе отырып, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 1515 жұмысшы маман дайындау және жоғарыдағы санатқа жататын азаматтар қатарынан 1335 адамды өңірге қажетті жұмысшы мамандыққа қайта даярлау үшін алдағы үш жылдық кезеңдң қамтыған есептеме жасалды.
Сонымен қатар, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше жыл сайын жергілікті бюджет есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға барлығы 3 088 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылды.