ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНІҢ КӨРСЕТКІШІ САРАЛАНДЫ

Облыс бойынша бюджет кірісінің түсімдеріне күнделікті, жедел мәлімет дайындалды.
«Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайданушылардың аударымдары» бойынша жер қойнауын пайданушылардың жоспарлаған қаржы көлемін келісімшарт негізінде анықтау мақсатында жұмыстар жасалды.
Статистика, қазынашылық департаменттерінің мәліметтеріне сүйене отырып, еңбекақы қоры нақтыланып салықтық түсімдердегі жеке табыс пен әлеуметтік салықтарға есептемелер жасалды. Шағын кәсіпорындардың өндірістік-қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштеріне талдау жасалды.
Әр ай сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жергілікті өзін-өзі басқару қолма-қол бақылау есеп шотына түскен және жұмсалған қаражаттардың мәліметтері жіберілді. Сонымен қатар, әр айда Жаңақорған ауданының әлеуметтік –экономикалық дамуының көрсеткіштері бойынша талдау жасалып, ұсыныстар берілді.