ВЕЛОШЕРУ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП КЕЛЕДІ
Саламатты өмір салтын насихаттап, тұрғындарды спортқа тарту мақсатында Тереңөзек кентінде тұрақты түрде велошеру ұйымдастырылып келеді. Аудан әкімі Ғанибек Қазантаев бастамашы болған велошеруге қатысушылар кенттің орталық көшелерімен жүріп өтіп, аудан орталығына жақын орналасқан ауылдарға да барады.
Әр сенбі сайын тұрақты ұйымдастырылып келе жатқан спорттық шараға шамамен 300-ге жуық тұрғыны қатысуда. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер де, жеке кәсіпкерлер де, зейнеткерлер де, жастар да бар.
Велошеруге қатысушылар қатарын аудан әкімдігінің әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы арқылы велошеру жайлы хабардар болғандар апта сайын арттырып отыр.