АЙМАҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР САРАЛАНДЫ
Осы жылдың 6 айындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысында аймақ ауылшаруашылығындағы ауқымды жұмыстар айрықша көрініс тапқан.
Қорытындыда мал және егін шаруашылығы, ветеринария, ауылдық елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету бағытындағы сала жұмысы сараланды.
Облыстық ауышшаруашылық басқармасы мамандары мәліметінше есепті кезеңде аймақ басшысының 2017 жылға арналған іс-қимыл жоспары аясында негізгі әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдері бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу, ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту көлемін былтырғыдан төмендетпеу, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу көлемін ұлғайту бойынша жобаларды жүзеге асыру, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу бағытында шаралар атқарылды.
Ұсақ шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіру бағытында да толымды іс бар.
Қызылорда облыстық мәслихаттың 2017 жылғы кезекті сессиясында облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жолдары және оны жақсарту шаралары жайлы қаралып, соған орай басқарма мамандары құрылған комиссиямен бірлесіп аудандарға шығып саладағы қордаланған мәселелерді саралады, оның шешу жолдарын аудандық, облыстық және республикалық деңгейде шешу ұсынылды.
«Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында асылдандыру репродукторын және мал сою пунктін құру», «Қызылорда облысы Жалағаш ауданында асылдандыру репродукторын және ет комбинатын құру» және «Қызылорда облысы Сырдария ауданында бордақылау алаңы, мал сою пункті және ет комбинатын құру» секілді үш жобаға талдау жасалып, толықтырулар бойынша ескертпелер берілді.
Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы мамыр айындағы кезектен тыс сессиясына 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау бойынша бюджеттік комиссия отырысына облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, ветеринария және ауыл шаруашылығы басқармасы бойынша қаржы бөлуге ұсынымдар әзірленді.