АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ ТАБЫСТАЛАДЫ

– Қазіргі таңда аудан әкімінің тікелей тапсырмасымен тиісті жұмыстар атқарылды. "Жаңарту" ЖШС мекемесі бөлінген қаржыны толық игеріп, өздеріне жүктелген жұмыстарды аяқтады. Енді құжат рәсімдеу және азаматтарға жер телімдерін табыстау жұмыстары үйлестірілмек,- деді ол.
Электр желілері тартылып, тас жол төселген жаңа көшелерде алдағы уақытта тұрғын үйлермен қатар ойын алаңы, азық-түлік дүкені орналаспақ. Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен іске асатын болады.