ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШІМІ ОРТАҚ

Басқарма өкілдерінің дерегінше өткен айда Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысына орай РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Д. Рогозиннің сапары аясында Байқоңыр қаласын дамыту бағдарламаларын қаржыландыру механизмі де келісілген.
Комиссия отырысында зенит-зымыран кешендері мен дүркіндете атудың реактивтік жүйелерін жаңғырту, Ми-35 тікұшақтарының ірі құрылғыларын құрастыру, пилотсыз ұшу аппараттарын бірлесе өндіру, майдан авиациясы және кең көлемдегі тікұшақ техникасын жөндеу мен қызмет көрсету бойынша өңірлік авиациялық орталықтар құру бағытында уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Сондай-ақ, энергетика және халық шаруашылығының қажеттіліктері үшін қуаттылығы 2-ден 20 МВт-қа дейінгі газтурбиналық генераторларды өндіру және әскери авиация қозғалтқыштарын жөндеу бойынша орталық құру мәселесі айтылды.