ҚАРМАҚШЫЛЫҚ ДИҚАНДАР ҚАУЫРТ ҚИМЫЛ ҮСТІНДЕ
Қармақшы ауданындағы «Жаңажол» ЖШС аймақтағы іргелі ауылшаруашылық құрылымдарының бірі. Серіктестік биыл 3200 гектарға күріш егіп, диқандар қазір соны күтіп-баптауда, деп хабарлайды «Кызылординские вести» газеті.
Серіктестік былтыр жыл қорытындысына орай «Үздік шаруашылық» номинациясы бойынша екінші орынды иеленді. Әр науқанға дайындықты техникасын сайлап, жерін баптаудан бастайтын шаруашылық диқандары ғылым мен өндірісті қатар алып жүреді десе де болғандай. Жылма-жыл семинарлар ұйымдастырып, егіс көлемін молайтуда ғалымдар кеңесіне сүйенеді.
Егісті әртараптандыруды да ұмыт қалдырмаған шаруашылық биыл күрішпен қатар 50 гектарға бидай, 40 гектар мақсары, мың гектардың үстінде жоңышқа егіп отыр.
Биылғы егін науқанына төрт жүздей ауыл тұрғыны мен ондаған комбайн, отызға тарта арнайы техника жұмылдыру жоспарлануда.