БӨЛІМ БАСШЫСЫНА ТӘРТІПТІК ЖАЗА ҚОЛДАНУ ҰСЫНЫЛДЫ
Отырыста Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Е.Жолдасовтың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының сақталуы бағытында атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.
Сонымен қатар, кеңес отырысында Жаңақорған ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы С.Асеновтің тәртіптік ісі қаралып, Жаңақорған ауданының әкіміне С.Асеновке мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.
Бұдан бөлек, отырыста Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы мен сектор меңгерушісінің тәртіптік жазасын мерзімінен бұрын алу мәселесі қаралды.
Нәтижесімен, Н.Күзембаев пен Е.Исаевқа көрілген «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алуға келісім берілді.