БАС ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
«ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Астана қаласында ұйымдастырылған «ART BAYTEREK» атты жасөспірімдер арасындағы халықаралық байқауға қатысқан жерлесіміз Альбина Тұрсынова бас жүлдемен оралды.
Ақмая ауылындағы №49 мектептің технология пәнінің мұғалімі Баян Көпжасарова байқауға қолөнерге жаны жақын оқушысы Альбина Тұрсынованы апаруды ұйғарады.
«Мен оқушымның топ жарып шығатынына сенімді болдым. өйткені ол тоқудың қиын түрін меңгерген еді. Әділқазылар да соны ескеріп, еш ойланбастан бас жүлде лайық деп тапты», – дейді Б.Көпжасарова.
Олар Астана қаласында тек байқауға қатысып қана қойған жоқ, қаланың көрікті жерлерін аралап, көрмеге барып, демалуға мүмкіндік алды.
«Өскен өңір» ақпарат