ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің заманауи талаптарына сәйкес білім бағдарламаларының мазмұнының жаңартылуы» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Семинарда академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Ж.Майгелдиева «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мазмұнының жаңартылуы», «Педагогтің кәсіби стандарты» және «Студентоцентрированное обучение и практико-ориентированный подход» тақырыптарында баяндама жасады.
Оқу үдерісін жоспарлау және академиялық ұтқырлық бөлімінің бастығы А.Мұхамбетжан «Ағылшын тілінде білім бағдарламаларын құрастыру» тақырыбында хабарлама жасады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы қорының ұйымдастыруымен өткен «Ғылыми зерттеу жобаларын коммерциализациялау және басқарудың өзекті мәселелері» атты жазғы мектеп қатысушылары, ақпараттық технологиялар және инновациялық даму басқармасының бастығы Қ.Дәуренбеков және «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі С.Ибадулла, «Business-START» инновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығының жетекшісі Ж.Оразмахановтар «Ранжирование образовательных программ в Казахстанских вузах по подготовке IT кадров» және «Коммерциализация бизнес-идей и командных проектов обучающихся вуза» тақырыптарында семинар-тренингтер өткізді.
Семинар барысында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір-талас жүргізіп, тақырыптарды талқылады.