ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ АГРАРШЫЛАРЫНЫҢ ҚР ПРЕЗИДЕНТІНЕ ХАТЫ: СТРАТЕГИЯ 2050 МІНДЕТТЕРІ АӨК-ТІ ДАМЫТУҒА СЕРПІН БЕРДІ
Қызылорда облысының аграрлық сала өкілдері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Өз хатында авторлар еліміздің қарқынды дамуын және «Қазақстан-2050» стратегиясының зор маңызын атап өткен.
«Онда қойылған міндеттер агроөнеркәсіп кешеніне үлкен серпін берді. Биыл Қызылорда фермерлері күріштің әр гектарынан 50 центнерден өнім жинап, тәуелсіздік кезеңіндегі рекордтық көрсеткішке қол жеткізді», - деп мәлімдейді диқандар.
Авторлар өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру ісінде тамшылатып суару секілді заманауи агротехнологиялар қолданылуда екенін, бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай да жалғасын табатынын айтқан.
Аграрлықтар сондай-ақ облыстағы өзге салалардың дамуына да назар аударып, кіші Аралдың деңгейін көтеру арқасында балық өнімдерінің экспорты өскеніне және оның ТМД ғана емес, Еуропа елдеріне де экспортталатынына тоқталған.
Сонымен қатар, авторлар ауыл шаруашылығы өндірісін әрі қарай дамыту үшін елімізде жүзеге асырылып жатқан көлік инфрақұрылымын дамыту жобаларының маңыздылығын атап өткен.
Қазақстанның көлік әлеуетін тиімді пайдалану мақсатында салынып жатқан «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі ауыл шаруашылығы өнімдерін таяу және алыс шетелдерге тасымалдау мүмкіндіктерін қамтамасыз ететіндіктен, саланың дамуына тың серпін беретін болады», - делінген хатта.
Соңында хат авторлары еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға және оны әрі қарай өркендетуге бар күш-жігерлерін жұмсайтындарын айтқан.