«ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Фестивальді ашқан аудан әкімінің орынбасары Б.Нақыпов «Қазақстан барысы» атанған жерлес палуанға құттықтауын жеткізіп, өнер сайысына қатысып отырған өрендерге сәттілік тіледі.
Байқауға барлық елді мекеннен 15 жас әнші қатысты. Байқау қорытындысы бойынша иіркөлдік Амантай Әсия, Ақерке Бекбергенова, III Интернационал ауылынан келген Руслан Рызмановтар жүлдегер атанды. Ал бас жүлде Қармақшы ауылынан қатысқан Әділет Исмайловқа бұйырды.
Байқауға қатысқан өзге де қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Шарада Астана күніне орай ұйымдастырылған «Әсем қала Астана» атты сурет байқауының жеңімпаздарына жүлделер тапсырылды.