СПОРТ КЕШЕНДЕРІ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ
Соңғы жылдары аймақ спорты айтарлықтай табысқа жетіп, салауатта өмір салтын ұстанып, денешынықтырумен айналысатындар қатары артуда.
Мысалы, 3 жылда 9 спорт кешені пайдалануға берілсе, биыл облыстық бюджеттен Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Еңбекші, Түгіскен ауылдарында және Сексеуіл, Төретам кенттерінде спорт кешендерінің құрылысы басталды.
Көшедегі спорттық құрылымдарға қолжетімділікті арттыру мақсатында Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің қолдауымен Қызылорда қаласынан 4 стрит воркауд алаңдарын салу жоспарланған болатын. Бүгінде орталық алаң маңындағы алаң құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.
Орталық стадионның қосалқы футбол алаңы қайта жаңғыртудан өткізілді. Сонымен қатар, мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Қызылорда қаласы мен аудандарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарды спорт түрлерінен қолдау мақсатында 8 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып келеді. Бұл мақсатқа 65,5 млн.теңге қаралған.