«САҚАЛДЫ ҚҰРЫЛЫСТАР» ҚАЛА СӘНІН БҰЗБАУЫ ТИІС

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңының 16 бабында қаланың әрбір азаматы өздерінің меншігіндегі (иелігіндегі, қолдануындағы) нысандарды нормативтік және эстетикалық талаптарға сәйкес ұстауы тиіс екендігі көрсетілген. Сондай-ақ, нысан иесі өз қарауындағы жылжымайтын мүліктің өзгелер үшін қауіпсіз болуына да баса назар аударуы тиіс.
Осыған байланысты арнайы топ өкілдері қаладағы жеке және заңды тұлғаларға құрылыс айналасын таза ұстап, оларды заң талабына лайықтау қажеттігін ескертеді.