ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БАСТЫ НАЗАРДА БОЛАДЫ
Жыл сайын облыс тұрғындарының әлеуметтік жағдайына баса назар аударылып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында жергілікті бюджеттен 59017 аз қамтамасыз етілген азаматқа 876,7 млн. теңге әлеуметтік көмек пен балаларға арналған жәрдемақы төленді.
Осы жылы бюджетте мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 37,8 млн. теңге қаражат қаралған. Есепті кезеңге 422 адамға (101 отбасы) 8,1 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көмек алушылардың саны 244 адамға азайды.
Биылғы жыл бюджетінде тұрғын үй көмегін көрсетуге 366,9 млн. теңге қаражат қаралып отыр. Алты айда 7169 отбасына 239,9 млн.теңге тұрғын үй көмегі төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұрғын үй көмегін алатындардың саны 598 отбасына азайғаны байқалады.
18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы төлеуге 1204,0 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 51426 балаға (16101 отбасы) 628,7 млн. теңге балалар жәрдемақысы төленді.
2017 жылдың 1 шілдесіне жергілікті өкілетті органдардың шешімімен жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 8842 адамға 577,4 млн.теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді.
Оның ішінде ҰОС қатысушыларына, мүгедектеріне, ҰОС-ында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне және сол жылдары тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, 6 айдан кем емес жұмыс істеген адамдарға, барлығы 5878 адамға 401,2 млн.теңге төленді.
Ауған соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Чернобыль АЭС апатының зардабын жоюға қатысушылар мен соның салдарынан мүгедек болған азаматтарға, Совет Армиясының мүгедектеріне, Вьетнам соғысының мүгедегіне, Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтарға қатысушылар мен соның салдарынан мүгедек болған 1041 адамға төленген сома 70,9 млн.теңге болды.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу кезеңімен ауыратын 971 адамға қосымша тамақтануға 83,4 млн. теңге төленіп отыр.
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлкіне зиян келген 5 отбасына 1,7 млн.теңгеге әлеуметтік көмектер көрсетілді.
Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Сыр мейірімі» жобасын қаржыландыруға 2017 жылға облыстық бюджеттен 42,7 млн. теңге қаражат бөлінді. Жоба аясында күнделікті сапалы тамақтануды қажет ететін 225 жалғыз басты қарттар, мүгедектер, өзін-өзі күте алмайтын науқас және аз қамтылған азаматтар 7,9 млн. теңгеге түскі ыстық тамақпен қамтылды.