БИЫЛ 8 МЫҢ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖЕР ТЕЛІМІН АЛАДЫ

Қазір облыста жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға берілген өтініш саны 110526-ке жетіп отыр, оның 27477-і қанағаттандырылды, қалған 83049 (Арал 4243, Қазалы 6094, Қармақшы 5824, Жалағаш 2161, Сырдария 807, Шиелі 7327, Жаңақорған 3390, Қызылорда қаласы 53203) өтініш арнайы кезекке қойылып отыр.
Биыл табысталатын жер телімінің 4491-сі облыс орталығына тиесілі, аудандар бойынша 3648 учаске берілуі керек.