ЖҮК КӨЛІГІНЕ ҚОЙЫЛАР ТАЛАП КҮШЕЙДІ
Облыс аумағындағы жолдарда шамадан тыс жүк тиеген көліктер бақылауға алынып, талапты бұзғандар заңдылыққа сәйкес айыппұл төлеуде. Облыстағы көліктік бақылау инспекциясы мамандары бұл аптапты күндері көліктердің жол мен көшелердің жабындыларын бүлдірмеуі үшін жасалып жатқан шара екендігін айтады.
Инспекция өкілдерінің мәліметінше жазғы нормадан асып кеткен көлік иелерінің төлейтін айып сомасы 200 АЕК-тен басталады (жүк санына байланысты).
Осыған байланысты жергілікті кәсіпкерлер қымбат жүк көліктерін азайтуға тырысуда. Кейбірі техникаларын шалғай ауылдардағы құрылыс нысандарын салып жатқан компанияларға жалға беруге кіріскен. Ең бастысы, көлік қырауар қаржыға салынған көше мен жолдың сапасына нұқсан келтірмеуі керек.