ҚАЗАҚСТАНДА ҚҰС ЕТІНІҢ ИМПОРТЫ 21 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕЙДІ
«ҚазАгро» холдингі жобалары арқылы құс етін импорттау үлесі 21 пайызға төмендейді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте осы холдинг басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов мәлім етті.
«Холдингтің инвестициялық жобаларын жүзеге асыру нәтижесінде құс етін тұтынудағы импорттың үлесін 21 пайызға, сүт және сүт өнімдері импортының көлемін 6 пайызға, жеміс-көкөніс импортын 5 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді»,-деді ол.
Белгілі болғандай, холдинг тарапынан биылға жоспарланған 37,1 миллиард теңге сомасындағы 68 инвестициялық жобаның қазіргі кезде 56-сы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін қалған жобаларды іске қосу жоспарланып отыр.