ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 26 ӘЛЕУМЕТТІК ҒИМАРАТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен аппарат отырысында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Мұхамедиса Әлсеріков 2017 жылы іске қосылатын нысандардың құрылысы жайлы айтты.
Сала басшысының айтуынша, қазіргі таңда аталған басқарма арқылы 54 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 23-і өткен жылдан өтпелі болса, 31-нің құрылысы жаңадан басталған. Жыл соңына дейін 26 әлеуметтік ғимаратты пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қалғанының құрылысы келер жылы жалғасады.
Сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасыаясында тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерін дамытуға мемлекеттік бюджеттен 5,5 млрд теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде Ұлттық қордан 4,4 млрд, облыстық бюджеттен 1,1 млрд теңгебағытталған.
Бүгінде облыста жалпы ауданы 141,3 мың шаршы метрді құрайтын 41 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.