ТҰРҒЫНДАРҒА КЕҢЕС БЕРІП, ПАРАҚШАЛАР ТАРАТТЫ
Бүгін Жалағаш кентіндегі мәдениет және өнерді дамыту орталығында "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету аясында еліміздің өзге өңірлеріне қоныс аударуға ниетті азаматтар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі болып өтті.
Кадр тапшылығын туындатқан мәселелерді шешіп, жастар арасында жұмыссыздық деңгейін азайтуды көздеген бағдарламаға орай ұйымдастырылған шарада Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының жұмыспен қамту орталығының маманы З.Хасьянова мен Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Ж.Дәулетбаева, бас маманы Г.Халықова қатысып, аудан тұрғындарына кеңес беріп, парақшалар таратты.