СУ ҚОЙМАЛАРЫ МЕН КАНАЛДАР ҮШІН 475 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Биыл облыс елдімекендерін суландыру мақсатында 8 насос қондырғысы сатып алынады, деп хабарлайды табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мамандары.
Сондай-ақ, Арал ауданы Қаратерең ауылдық округіндегі «Баян» каналы мен Бөген ауылдық округіндегі «Көкіш» каналының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге, сонымен қатар, су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жобаларын әзірлеуге 475,3 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда аталған жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Қазалы қаласындағы «Горсовет» және «Дәулетарық», Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр ауылдық округіндегі «Алпамыс», Шиелі кентіндегі «Байсары», Қызылорда қаласындағы Қызылжарма және Жібек жолы каналдарын, Жаңақорған ауданындағы Қыраш және Көлтоған су қоймаларындағы гидрометрикалық бекеттерді күтіп ұстап тұру да осы қаржы есебінен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, Шиелі ауданындағы Күміскеткен учаскесінде су қоймасын салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 31,4 млн.теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.