БАҒБАН БОЛСАҢ – БАҚ ӨСІР
Жыл өткен сайын Жаңақорған ауданы ауылшаруашылығы дамуында серпін бар. Әсіресе, егін, бақшалық алқаптардың саны ұлғайып, диқандар қатары артып келеді.
Осындай шаруашылық қатары биыл тағы бір қожалықпен толықты. Ауылшаруашылық саласына бет бұрған «Ақжол» ШҚ төрағасы Нұрболат Әшіров жеміс ағаштарын отырғызуды қолға алыпты. Берекелі істі аудан әкімі Ғалым Әміреев арнайы көріп, оң бағасын берді.
– Шыны керек биыл алғаш рет егіп отырған соң тәжірибе ретінде 10 гектарға егіп отырмыз. 1400 түп алма, 350 жүзім алып келген едік. Шүкір қазір 98 пайыз жеміс ағашы өсіп келеді, – деді төраға.