ЖОБА БОЙЫНША БЮДЖЕТТІК ӨТІНІМ ТАПСЫРЫЛДЫ
Осыдан 3 жыл бұрын Еуропалық даму және қайта құру банкісімен бірлесіп, Қызылорда қаласының тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату жобасын қаржыландыруға алдын - ала келісім жасалған еді.
Осыған сәйкес, 2016 жылғы қазан айында Еуропалық даму және қайта құру банкісімен жобының несиелік келісім шарты жасалды. Жобаның 2017 - 2020 жылдар аралығында жүзеге асады, деп хабарлайды табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мамандары.
Жоба аясында қалдықтарды механикалық - биологиялық өңдеу бойынша кешендерінің құрылысы, жаңа санитариялық полигон құрылысы, қазіргі полигонды жою және тиісті инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілетін болады.
2017 жылдың I тоқсанында «Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату» жобасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінетін қаржыға Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік өтінім тапсырылған.