СЫР БАЛЫҒЫНА ШЕТЕЛДЕ СҰРАНЫС КӨП
Облыс дамуында балық шаруашылығы маңызды саланың біріне айналды. Аймақтағы су айдындарында ауланған «су маржандары» елімізді қойып, шетел нарығығнан орын тапты.
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бірінші тоқсандағы есебі бойынша бүгінде облыс аймағында Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені және жергілікті маңызы бар 196 су айдыны мен 36 аңшылық алқаптар тізімге алынған.
Бүгінгі күні, Кіші Арал теңізі толықтай, су айдындарының 144 және аңшылық алқаптардың 34-і ұзақ мерзімге бектіліп берілген.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 10 наурыздағы №111 бұйрығымен 2017 жылға облысқа 7696 тонна балық аулау лимиті бекітілді.
Жылдың алғашқы тоқсанында 1078 тонна балық аулауға рұқсат беріліп, республикалық бюджетке 27 млн. теңге қаржы түсірілді.
Осы мерзімде 523,5 тонна балық өнімдері Дания, Польша, Әзірбайжан және Ресейге экспортқа жіберілді..