НЫСАНДАР ЖОБАЛАРЫ ӨЗ МЕРЗІМІНДЕ ӘЗІРЛЕНУДЕ

Басқарма мамандарының айтуынша бүгінде жоба-сметалық құжаттамалары әзірленген білім, спорт, мәдениет салалары бойынша 21 нысанның жобалары өз кезегін күтуде. Аталған нысандарды мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жүзеге асыру шаралары да қарастырылып отыр.
Сондай-ақ «Қызылорда қаласы СПМК-70 ауданындағы 200 орындық жатақханасы бар 600 орынға арналған кәсіптік-техникалық лицей құрылысы» нысанының жоба-сметалық құжаты әзірленіп 2017 жылдың 19 сәуірінде «Фрост-КZ» ЖШС-нен (жеке аккредиттелген сараптама) № ФРОСТ-0039/17 сараптама қорытындысы алынды.
Тиісті мекемелермен бірлесіп жобалау жұмыстарына дейін әзірленетін жоба-алды құжаттары өз мерзімінде жинақталып, сәулет жоспарлау тапсырмасына (СЖТ) сәйкес жоба-сметалық құжаттардың әзірленуі қадағалануда.