АБАТТАНДЫРУ БОЙЫНША АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Бүгінде аудан орталығы мен кенттерді, елдімекендерді абаттандыруға жергілікті атқарушы билік баса назар аударып отырғаны белгілі. Жыл өткен сайын осы жұмыстарға бөлінетін қаржы көлемі де артып келеді.
Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы хабарлағандай биыл облыс орталығын, Арал қаласын, Қазалы ауданының елді мекендерін, Жалағаш ауданы Таң ауылын абаттандыруға, жарықтардыруға және көгалдандыру жұмыстарына 768,701 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Ал "Қызылорда қаласының көшелерін жарықтандыру" жобасын мемлекеттік-жекешелік әріптестік концепциясы аясында жүзеге асыру құжаттамаларын әзірлеуге 15, 897 млн. теңге бөлініп отыр.