КҮРЕ ЖОЛДЫҢ БОЙЫНДА МҮМКІНДІКТІҢ КӨЗІ КӨП
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің облыс аумағынан өтетін бөлігінде жол бойы сервисінің құрылысы салынатын 37 нүкте анықталды, деп хабарлайды Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы мамандары.
Осы жылдың алғашқы жарты жылдығында жалпы құны 1 млрд. 283,2 млн.теңге болатын тағы 4 нысан пайдалануға берілді.
Жыл аяғына дейін тағы осындай 16 нысан ашылады. Жалпы сомасы 3 млрд. 411 млн. теңге болатын бұл нысандарда 546 тұрақты жұмыс орны құрылаы деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, облыс аумағында жұмыс істеп тұрған барлық жол бойы қызметі нысандарында жол қызметінің міндетті нысандарының (ақпараттық тақта; арнайы тұрақ орындары) болмауына байланысты аталған кемшіліктерді жою жөнінде барлық аудан әкімдіктеріне және жоба бастамашыларына хат жолданды.