ҚАЛАНЫ БІРЛЕСЕ ДАМЫТУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ
Бүгін Астанада ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Атамқұлов Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгинмен кездесті, оның барысында тараптар қаланы одан әрі дамыту жоспарларын талқылады.
Кездесу басында ҚР ҚАӨМ басшысы қаланы көркейту, оның ішінде әлеуметтік және тұрмыстық нысандар салу мәселесін қозғады. Осы арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу, сондай-ақ, бірлескен кәсіпорындар құрып, Байқоңыр қаласында арнайы өндірістік аймақ құруды ұсынды.
К.Бусыгин «Байқоңыр» кешенін бірлесе дамыту концепциясы шеңберінде қала әкімшілігі қазақстандық жобалардың жүзеге асырылуына назар аударатынын жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша Б.Атамқұлов пен К.Бусыгин қала дамуын кеңейтілген құрамда талқылауға келісті.