ТАЛАПТЫҒА ҚАЙ ЖЕРДЕ ДЕ ЖҰМЫС БАР
Бүгінде елімізде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында ел өңірлерін жұмыс күшімен қамтамасыз ету, аймақтардағы диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою бағытындағы бастамалар жүзеге асырылып жатқандығы белгілі.
Осыған орай Жалағаш ауданы әкімдігі ертең, яғни, 2017 жылдың 11 шілдесінде Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныс аударуға ниетті азаматтарды халықты жұмыспен қамту орталығына шақырады.
Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдау аясында көшуге және тұрғын үй жалдауға (жалға алуға) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге субсидиялар беріледі.