ФИРУЗА ШАРИПОВА ЭКСПО-2017 АЯСЫНДА РИНГКЕ ШЫҒАДЫ
26 тамыз күні Халықаралық «Астана EXPO-2017» көрмесі аясында кәсіпқой бокс кеші өтеді. Бірінші жарыста Қазақстанның 22 жасар кәсіби боксшы қызы Фируза Шарипова әлем чемпионы атағына таласады.
Кештің ұйымдастырушылары: Халықаралық EXPO-2017 көрмесі және Фируза Шарипованың командасы.
«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компания Басшысы Ахметжан Есімов Шарипованың командасымен кездесіп, әлемге әйгілі отандық спортшылар мен ЭКСПО көрмесінің мақсаты Қазақстанның атын халықаралық деңгейде таныту екендігін атап өтті.
«Мен әйелдер арасында кәсіби бокстан бірінші әлем чемпионы атануға үлкен мүмкіндік туғанына және бұл атақ үшін Қазақстанда рингке шығатыныма қуаныштымын. Халықаралық EXPO-2017 көрмесі ұйымдастырушыларына және басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке осындай мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіремін. Мен өз елімді жерге қаратпаймын, жақсы бокс көрсетемін!»- деді Фируза Шарипова.
Кәсіпқой бокс EXPO-2017 аумағындағы 6 мың көрерменге арналған амфитеатрде өтеді.
Фируза Шарипова 10 жастан бастап бокспен айналыса бастады. 2016 жылдың 21 мамырында Мәскеу қаласында кәсіпқой бокста Денис Лебедев пен Виктор Рамирес өткізген ауқымды кездесудің андеркарды атанған Олимпиаданың күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Еуропа чемпионы ресейлік София Оличивамен жұдырықтасты. 26 тамызда өтетін жекпе-жектен кейін, ол Қазақстандағы әйелдер арасында кәсіби бокстан әлем чемпионы атанған бірінші спортшы атануы мүмкін.