АБЫРОЙЛЫ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН МАРАПАТТАЛДЫ
Жиынды ашқан облыстық соттың төрағасы Қамбар Нұрышев Астана күні мерекесінің тарихына тоқталды.
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық көрегендігімен бас қала атанған, ажары кіріп, айбыны асқақтаған Астана бүгінгі күні еліміздің бойтұмарына айналды, тұрақты дамудың, өсу мен өркендеудің даңғыл жолына түсті. Биыл бас қаламызда өтіп жатқан «EXPO-2017» халықаралық көрмесі де сөзімізге дәлел», - деді сот төрағасы.
Астана күнін мерекелеу қарсаңында бірқатар орнынан түскен судьялар мен облыстық соттың судьяларына EXPO-2017 халықаралық көрмесінің билеттері табысталды.
Сонымен бірге, Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Азамат Жұмамұратов сот саласында 16 жыл абыройлы қызмет атқарып, бүгінгі күні басқа қызметке ауысуына байланысты Димаш Байдушевты Құрмет грамотасымен марапаттады.
Іс-шара соңы мерекелік концертке ұласты.