ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ
Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында аймақты электр энергиясымен қамтамасыз ету бағытындағы бастаманың бірі – «Сарман-Тастақ-Жаңақорған» ЖШС электрмен жабдықтау» жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Жоба аясында 0,4 шақырым 35 кВ әуе желісі жүргізіліп, қуаттылығы 630 кВА 1 жиынтық трансформаторы орнатылады. Нәтижесінде ағымдағы жылы Қызылорда облысы Жанақорған ауданындағы қыш, ұсақ тас және темірбетон зауыты тұрақты электрмен жабдықталады.
«Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын электрмен қамту, 1 кезеңі» жобаның құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізуге ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 900 млн.теңге бөлініп, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мамандары.
Сонымен қатар, «Қармақшы ауданы Төретам кентіндегі 35/10 кВ №22 ҚС-сын кеңейту және қайта жаңғырту», «Қармақшы ауданы Төретам кенті мен Ақай а/о 6-10/0,4 кВ электр желілерін кеңейту және қайта жаңғырту», «Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі 220/35/10 кВ «Жосалы» ҚС-сын қайта жаңғырту» жобаларының ЖСҚ әзірлеу үшін жобалаушылармен жобалау жұмыстары жүргізілуде.
Ал «Қызылорда облысы Сырдарья ауданы Бесарық елді мекеніндегі электрмен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту» жобасының құрылыс монтаждау жұмыстарына облыстық бюджеттен 30 млн. теңге бөлініп, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.