ОҚЫРМАН САНЫ АРТТЫ
Осы жылдың маусым айында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасы 2029 оқырманға қызмет көрсетті. Жалпы 5 ай ішінде кітап берілімі 32773 данаға, келушілер саны 12976-ге жетті. Кітапхананың жалпы кітап қоры 413798 дананы құрады, деп хабарлайды облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының мамандары.
Кітапханада маусым айында «Балауса бағым, шаттық пен қуаныш» мерекелік кеш, «Рәміздер - елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» кітап көрмесін, «Экология және бүгінгі әлем» экологиялық сағатын, «Менің «ЭКСПО-2017» көрмесіне қосатын үлесім» ток-шоуын өткізді. Сонымен қатар, түрлі көрмелер, қолөнер шеберлерімен кездесу кешін ұйымдастырып, ол шараларға оқырмандарды көптеп тартты.