ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР
Аймақтағы энергетика және тұрғын-үй коммуналдық саласы осы жылдың екінші тоқсанында атқарылған жұмыстарын қорытындылады. Басқарма өкілдерінің айтуынша жоспарлы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Соның бірі көпқабатты үйлерді жөндеу бағытындағы бастамалар.
Бүгінде облыс бойынша жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер саны 640 құрап отыр. Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес аудандық бюджеттерден 15 үйді жөндеуге 75,1 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
–Қазіргі таңда, тұрғындармен келісімге қол қою жұмыстары жүргізілуде. Осы бағыттағы жұмыстар нәтижесінде Қызылорда қаласында қайтарым қаражат есебінен 74,360 млн. теңгеге Бөкейхан көшесі №62 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – дейді энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усайн.