ҚАЗАҚСТАНДА ЖАНАРМАЙ ТАПШЫЛЫҒЫ 30-40 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАЙДЫ
Әлемде мұнай өңдеуші елдер арасында Қазақстан 8 орыннан табылғанымен, жанармайға деген тапшылық 30-40%-ды құрайды.
Егерде еліміздегі үш мұнай өңдеу зауыты толықтай жаңғыртылса, жағдай түзеледі. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының отырысында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Данияр Тиесов мәлімдеді.
Жиында халық қалаулылары мен тиісті сала басшылары күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады. Соның ішінде мұнай өңдеу зауыттарының қуатын арттыру да сөз болды. Мамандар мұнай өнімдері жеткілікті өңделіп жатқанын жеткізсе, депутаттар проблеманы шешетін бағдарламалардың нәтижесі нашар екенін айтып қынжылды. Себебі көктемгі-күзгі дала жұмыстары кезінде болатын бензин тапшылығы жылда қайталанады.
-Үкіметтің жанар-жағармай төңірегіндегі проблемаларды шешу жолындағы көптеген бағдарламалары еш оң әсерін беріп отырған жоқ. Шығарылып отырған бензиннің сапасы төмен және ол «Еуро-3» стандартына сәйкес келмейді. «Еуро-4» пен «Еуро-5» жайлы айтудың өзі артық. Біз ішкі нарықтың өзін сапалы қозғалтқыш майлары мен авиациялық керосин және газбен қамтамасыз ете алмай отырмыз,- ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева.